«ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.
Сол кезде, көрсетілген Қағидаларының 8-тарауында келесі реттелген:
8-тарау. Уәкілетті лауазымды адамдардың кедендік жете тексеру (қарап тексеру) барысында мәліметтерді дұрыс емес мәлімдеу фактілерін, сондай-ақ ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілерін анықтаған кездегі әрекеттері
- Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) барысында тауарлардың іс жүзіндегі сипаттамасы, мөлшері не тауарлар туралы мәліметтері (атауы, шығарылған елі, дайындаушы) тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда аталған фактілер кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінде көрсетіледі.
- Егер анықталған алшақтықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық белгілері бар екендігін көрсеткен, бұл ретте анықталған кедендік жете тексеру (қарап тексеру) белгіленген көлем мен дәрежесі шегінде аталған фактілерді толық тексеруге мүмкіндік болмаған жағдайда, сәйкессіздікті анықтаған уәкілетті лауазымды адам мемлекеттік кірістер органының басшысына, ал қажет болған жағдайда қосымша экономикалық тергеулер қызметіне тез арада хабарлайды, онда тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс еместігінің белгілері, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемін ұлғайту және оның дәрежесін өзгерту қажеттілігінің негіздемелері, сондай-ақ кедендік жете тексеру (қарап тексеру) сипаттамалары бойынша басқа да ұсыныстар көрсетіледі.
Уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша ақпаратының негізінде мемлекеттік кірістер органының басшысы кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу көлемін және дәрежесін өзгерту туралы шешім қабылдайды.
- Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар фактілерін белгілегеннен кейін, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға материалды экономикалық тергеу қызметіне жолдайды.