Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне енгізілген өзгерістер туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2021 жылғы 01 наурызда "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген жабдық түрлеріне қатысты бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"шешім қабылдады.
Шешімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілді:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан мынадай позициялар Алып тасталды:
"8474 10 000 0 – сұрыптауға, елеуге, сепарациялауға немесе жууға арналған машиналар
8474 20 000 9 – – өзгелері»
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына мынадай позициялар енгізілген:
"8474 10 000 – сұрыптауға, елеуге, сепарациялауға немесе жууға арналған машиналар:
8474 10 000 1 – – шынжыр табанды жүрісті өздігінен жүретіндер
8474 10 000 9 – – өзгелері
- - өзгелері: *
8474 20 000 6 – – – шынжыр табанды жүрісті өздігінен жүретіндер
8474 20 000 8 – – – өзгелері»
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленген:
Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) – 0, келесі тауар позициялары үшін:
8474 10 000 1, 8474 10 000 9, 8474 20 000 6, 8474 20 000 8.
Сондай-ақ, бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген осындай мөлшерлемелер мөлшеріне сәйкес кедендік әкелу баждарының преференциялық мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 20 000 9 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылды::
8474 20 000 6
- - - шынжыр табанды жүрісті өздігінен жүретін
0
8474 20 000 8
- - - өзгелері
0
Аталған шешім 2021 жылғы 04 сәуірде күшіне енді