«ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.
Сол кезде, көрсетілген Қағидаларының 7-тарауында келесі реттелген:
7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қолдануды ұйымдастыру
- Көлік құралдарына, көлік құралдарының жүк бөліктеріне, жүк орындарына, тауарлар бар және болуы мүмкін бөліктерге және басқа да орындарға, кедендік бақылауға алынған тауарлардың өздеріне Кодекстің 427-бабына сәйкес уәкілетті лауазымды адам, Кодексте көзделген пломба салу, мөр қою және басқа да тәсілдер жолымен сәйкестендіреді.
- Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған жағдайда сәйкестендіру құралдары тауарлардың және көлік құралдарының жай-күйінің өзгермеуін, оларды ауыстырудан сақтауды қамтамасыз ету мақсатында салынады.
- Сәйкесендіру құралдарының бар-жоғы мен жай-күйіне бақылау жасау мақсатында кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде олардың мөлшері, типі, пломбаларының нөмірлері, мөрлері, цифрмен, әріппен және өзге де таңба қоюлары, сәйкестендіру белгілерін салулары, қойылған мөртабандар, алынған сынамалар мен үлгілер, тауарлардың сипаттамалары, жасалынған сызбалар, масштабтық бейнелер, суреттер, иллюстрациялар, тауардың ілеспе құжаттарын және өзге де құжаттарды және басқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану туралы мәліметтер көрсетіледі.
48. Сәйкестендіру құралдары өзгерген, алынып тасталған, жойылған немесе айырбасталған жағдайда уәкілетті лауазымды адам КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша сәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе айыр басталуы туралы акті жасайды.