Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесі

   

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Қағидаларының 5-тарауында келесі реттелген:

      5-тарау. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесі

  1. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) тәуекелдер бейінімен белгіленген көлемде және дәрежеде жүргізіледі. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесін өзгертуге жол берілмейді.

      Іске қосылған тәуекелдер бейінінде көлемі мен дәрежесі болмаған, не кедендік жете тексеру жүргізу туралы осы Қағиданың 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша шешім қабылданған жағдайда, кедендік жете тексеру осы Қағиданың 20-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес ішінара жүргізіледі.

      Тауардың мөлшерін айқындау тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауардың мөлшері туралы деректер негізінде кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) жүргізер алдында есептеу жолымен жүргізіледі.

  1. Егер тәуекел бейіні іске қосылған кезде айқындалған кедендік жете тексеру көлемі тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың барлық атауын кедендік жете тексеруді болжайды, уәкілеттті лауазымды тұлға мынадай операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді:

      тауарлардын толық салмағын өлшеу;

      барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта есептеу;

      барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта есептеу.

      Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізудің көлемі мен дәрежесі, осы Қағиданың 20-тармағының ережелерін есекере отырып белгіленеді.

  1. Егер тәуекелдер бейіні іске қосылған кезінде анықталған кедендік жете тексеру көлемі өткізілетін тауар партиясы тауарларының бөлігін кедендік жете тексеруді көздеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 34-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды тауарлардың сол бөлігіне қатысты жүргізуді қамтамасыз етеді.
  2. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) дәрежесі, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлеміне байланысты айқындалған тауар мөлшеріне қатысты жүргізу қажет болатын уәкілетті лауазымды адамның әрекетін айқындайды.

      Егер жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу нұсқауында жүк орындарын қайта санау қажеттілігі белгіленсе, онда кедендік жете тексеругеа (қарап тексеруге) ұсынылған тауардың барлық жүк орындарын қайта санау жүргізіледі.

      37. ЕАЭО кедендік аумағына келетін орындарда тауарларға қатысты мемлекеттік кірістер органдары кедендік текресіп қарау жүргізілген, не оларға қатысты кедендік тексеріп қарауды ЕАЭО мүше мемлекетерінің кеден қызметтері жүргізген, бұл ретте кедендік тексеріп қарау актінде кедендік тексеріп қарауды жүргізудің көлемі және дәрежесі көрсетілмеген жағдайда, кедендік тексеріп қарау тек қана тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекел бейіні іске қосылған кезде осы Ереженің 20-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес жүргізіледі.

     

Дата публикации
14 февраля 2018