Кедендік қарап тексеруді жүргізу

   

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Қағидаларының 4-тарауында келесі реттелген:

      4-тарау. Кедендік қарап тексеруді жүргізу

  1. Уәкілетті лауазымды адамның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау әрекеті басталған уақыт, кедендік қарап тексеру уақыты болып табылады.
  2. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды, жеке тұлғалардың багаждарын, көлік құралдарын, жүк ыдыстарын, кедендік пломбалар, мөрлер және тауарларды сәйкестендірудің басқа да құралдарын, көлік құралдарын және тауарлар орамаларын ашпай және тауарлардың орамдарын бұзбай кедендік жете тексеруді көзбен шолып қарау арқылы жүргізеді.

      Тауарларды кедендік қарап тексеру, оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтер алу және тексеру мақсатында, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк орындарында кедендік пломбалар, мөрлер және басқа да салынған сәйкестердіру құралдарының болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.

  1. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарап тексеру, қаралатын обектілердің ішкі құрылымын көзбен көріп қарауды қамтамасыз ету және осындай обектілердің физикалық ерекшелік сипатының болуы туралы өзгеше ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, техникалық құралдарды қолданумен жүргізіледі.

      32. Егер кедендік қарап тексеру процесі объективті себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу арқылы сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

     

Дата публикации
14 февраля 2018