«ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.
Сол кезде, көрсетілген Қағидаларының 3-тарауында келесі реттелген:
3-тарау. Кедендік жете тексеруді жүргізу
- Уәкілетті лауазымды адамның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау әрекеті басталған уақыт, кедендік жете тексеру басталған уақыт болып табылады.
- Кедендік жете тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам осы тараудың мынадай ережелерін:
1) кедендік жете тексеру тауар партиясында өткізілетін тауарлардың (осы тармақтың 5) тармақшада көрсетілген тауарларды қоспағанда) барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып (осы тармақтың 3) және 4) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам мынадай оперцацияларды (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) жүргізуді қамтамасыз етеді:
тауарларды толық өлшеу;
барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта санау;
барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санау;
2) біркелкі таңбалармен, біркелкі орамдағы біртекті тауарларға (10 белгі дейіндегі Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚТН) бір кодының тауарларына) қатысты кедендік тексеріп қарау барлық жүк орындарын санау жолымен жүргізіледі, бұл ретте кейін есептеу жолымен тауардың барлық партиясының санын және салмағын анықтай отырып, тауар орамының әрбір түрінің тек 1 (бір) данасын ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі;
3) егер, көлік құралына біртекті тауарлар (СЭҚ ТН он белгі дейіндегі бір кодының тауарлары) тиелген жағдайда көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын қалыптастыра отырып, тауарларды ішінара түсіру жүргізіледі. Үйіп, бос, құйып өткізілетін тауарлар бойынша түсіру жүргізілмейді.
Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тек бір жүк орынын (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес) ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.
4) егер көлік құралына тез бұзылатын тауарлар тиелген жағдайда, көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын құру жолымен тауарларды ішінара түсірілу жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген, талаптарды сақтай отырып, тауардың әрбір атауын ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.
5) төменде көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты кедендік жете тексеру уақытша сақтау орындарында орналастырылған көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге (көлік құралынан тауарларды түсірмей) бейне түсірілім немесе тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы, міндетті түрде:
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасында есепке алынып тіркелген, халықаралық ұйымның мекенжайына жеткізілетінін;
дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар салдарларын жою мақсатында жеткізілетінін;
дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктері, ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер ресми пайдалануы үшін өткізілетінін және көзделгендігін;
көлік құралдарының тауар ретінде мәлімделгендігін;
заттардың, кедендік жете тексеру жүргізетін лауазымды тұлғаның өміріне және денсаулығына қауіп-қатер келтіруі мүмкін және арнайы таным және (немесе) жарақтандыруды талап ететінін;
ЕАЭО кедендік аумағына келу орнында мемлекеттік кірістер органдары кедендік жете тексеруді жүргізген тауарларға, ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері кедендік жете тексеруді жүргізілген тауарларға, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде межелі кеден органы кедендік жете тексеру жүргізілген тауарларға қатысты, кедендік жете тексеру актісінің тұпнұсқасы бар болған жағдайда, оған сәйкес кедендік жете тексеру жүргізудің көлемі мен дәреже, іске қосылған тәуекел бейінінде көзделген көлем мен дәрежеден асатынын, сондай-ақ кедендік жете тексеруге тауар партиясы алғашқы кедендік жете тексеру жүргізілген кезде, сол көлемде ұсынылған жағдайды;
габаритті емес және ірі салмақты тауарлардың, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 (Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларына сәйкес берілген тасымалдауға арнайы рұсаттары бар екендігін;
Тауар топтарының тізбесіне және СЭҚ ТН тауар позицияларына сәйкес тауар топтарында және СЭҚ ТН тауар позицияларында сыныпталатын тауарлар, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге бейне түсірілім не уақытша сақтау орындарына орналастырылған тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы оларға қатысты кедендік жете тексеру жүргізілетінін түсіндіріп;
6) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың мөлшері қосымша өлшем бірлігінде (данада, жиынтықта, жұпта және басқа бірліктерде) көрсетілген және бұл ретте төленуге тиіс кедендік баждар сомасы тауардың салмағына байланысты болмаған жағдайда, егер автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде өзгеше көзделмесе, кедендік жете тексеру барысында тауарларды өлшеу жүргізілмейтінін;
7) автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде, бейне түсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін үздіксіз бейне түсірілімді жүргізуді қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Бейне түсірілім басталғанан кейін уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін айтып және түсіндіріп тұрады.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам мынадай мәліметтерді айтып және жазып тұрады:
кедендік жете тексеру басталған және аяқталған уақыт;
кедендік жете тексеру жүргізілген орын;
Кодекстің 32-бабында көзделген бақылау Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әкелуге және өткізуге тыйым салынған не шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы декларанттың мәліметтері;
кедендік жете тексеруді жүргізуші тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және лауазымы;
кедендік жете тексеруге қатысқан тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және лауазымы;
барлық орындалған әрекеттер, оның ішінде ішінара түсіруді жүргізуге немесе кедендік жете тексеруді жүргізбеуге негіздеме;
кедендік жете тексеру нәтижесі;
басқа да қажетті мәліметтер.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру кезінде кедендік жете тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адамның түсіндіруіне сәйкес бейне түсірілімді тоқтатуға болады. Кедендік жете тексеруді тоқтатқан және қайта бастаған кезде уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексеру тоқтатылған (қайта бастаған) нақты уақытты айтуы тиіс.
- ИТК-ны пайдалана отырып тауарларды кедендік қарап тексеру нәтижелері бойынша кедендік жете тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдаған кезде, кедендік жете тексеру жүргізген уәкілетті лауазымды адамға ИТК суреттерінің көшірмелері және оған түсіндірмелер беріледі.
Кедендік аумақтық тыс қайта өңдеу, сондай-ақ кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды сәйкестендіру мақсатында олардың қайта өңдеу өнімдерін жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті лауазымды адамға тауарларды сәйкестендірудің тәсілдері көрсетілген қайта өңдеу шарттары туралы құжаттардың көшірмелері беріледі.
- Орамдарды ашуды уәкілетті лауазымды адам декларанттың немес оның өкілінің қатысуымен жүргізеді.
Декларанттың немесе оның өкілі болмаған жағдайда орамды ашу екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілердің) қатысуымен жүргізіледі.
- Жүк орындарын ашу олардың тұтастығын және олардың сәйкестендіру құралдарын бұзуды, кейін олардың орамдарынан (жәшіктерден, қораптардан), технологиялық ыдыстардан, тауарлардың мөлшерін және атауын, шығарылған елін айқындау және басқа да мәліметтерді алуды бақылауға мүмкіндігін алу үшін арнайы жасалған жасырын орындардан тауарлардың жекелеген бірлігін алуды, басқа тауарлар түрінде өткізілетін тауарларды анықтауды көздейді.
- Тауардың сипаттамасы туралы мәліметтер жеткіліксіз болған және тауарды сәйкестендіру үшін айқындалған тану белгілері болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 466-бабына сәйкес кедендік сараптама тағайындайды және тауардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды анықтау мақсатында кедендік жете тексеру қажет болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары қызметтік иттерді пайдаланып жүргізеді.
- Аралау, егеу, кесу және өзге де әрекеттердің көмегімен кедендік қарауды жүргізу жасырылған тауарлардың үстіне бояу қабатын, металл, өзге материалдарды жағу жолымен не арнайы дайындалған бөлінбейтін жасырын орынға тауарларды салу жолымен кедендік бақылаудан жасырылған тауарларды анықтау, тауарлардың химиялық құрамын, олардың физикалық қасиетін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
- Кедендік жете тексеру тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 407-бабында көзделген кедендік бақылау нысанын не Кодекстің 424-бабында көзделген кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
- Егер кедендік жете тексеру процесі объективті себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу арқылы сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.