СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫ АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС

2026 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Омаров және Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Е.А. Жолшибеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңеске Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармаларының, құрылымдық бөлімшелерінің және кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Е.А. Жолшибеков баяндама жасады. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және басшылар мен қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.

Әдеп жөніндегі уәкіл А.С. Омаров барлық қызметкерлердің қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жұмыс уақытында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да қатаң сақтауы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің беделіне және мемлекеттік қызметтің абыройына кері әсерін тигізуі мүмкін әрекеттер мен теріс қылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын жеткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Дата публикации
10 сентября 2026