Кірістері мен мүлкі туралы декларация декларацияны (270.00 нысан)

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) Қазақстан Республикасының азаматтары және жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері төмендегі талаптардың кемінде біреуіне сәйкес келген жағдайда ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларация ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық портфельді басқарушылар, сондай-ақ олардың резидент болып табылатын жұбайлары;
  • жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамына иелік ететін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент болып табылатын жұбайлары. Бұл талап коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) қолданылмайды;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
  • есепті салық кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын кіріс алған тұлғалар;
  • есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттарында жиынтығында 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын ақша қаражаты бар тұлғалар;
  • есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлкі бар тұлғалар;
  • меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
  • есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғалар;
  • салық агентіне басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсыну қажет.

Дата публикации
10 сентября 2026