депкі бойынша бірге тең болатын сән-салтанат коэффициенті енгізілді.
Сонымен қатар, жергілікті өкілді органның шешімі бойынша тұрғын үйлерге қатысты сән-салтанат коэффициенті 50 пайыздан аспайтын мөлшерде ұлғайтылуы мүмкін. Мұндай шешім оны қолданысқа енгізу жылынан бұрынғы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады және қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
Салық базасы осы Кодекстің 600-бабы 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығының жиынтық сомасы мынадай мөлшерлеме бойынша есептеледі:
2 946 600 теңге + шекті құн мөлшерінен асатын салық базасының 2 пайызы.
Салық салық кезеңі үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
Салық салу объектісі бойынша салық сомасы = Салықтың жиынтық сомасы × Салық салу объектісінің құны / Салық базасы.