«Кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі туралы

«Кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі туралы

«Кеден» ақпараттық жүйесі (АЖ «Кеден») кедендік ресімдеу процестерін автоматтандыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚ қатысушылары) және кеден өкілдерімен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған.

Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін кеден бекеттерінде оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, АЖ «Кеденнің» ресми тестілік порталында https://test-keden.kgd.gov.kz/ бейнематериалдар, пайдаланушы нұсқаулығы және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған.

СЭҚ қатысушысын АЖ «Кеденде» тіркеу

АЖ «Кеденде» жұмыс істеу үшін СЭҚ қатысушысына мыналар қажет:

  • Интернет желісіне қолжетімділік;
  • ЖСН/БСН;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – жеке тұлғаның немесе заңды тұлға қызметкерінің ЭЦҚ-сы;
  • NCALayer бағдарламасының өзекті нұсқасының орнатылып, іске қосылған болуы.

ЭЦҚ пайдалану тәртібі

  • СЭҚ қатысушысы ретінде дербес әрекет ететін жеке тұлға өзінің жеке ЭЦҚ-сын пайдалануы тиіс.
  • Заңды тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлғалар компания қызметкеріне берілген ЭЦҚ-ны пайдалануы тиіс.

Жүйеде тіркелу тәртібі

Тіркелу үшін пайдаланушыға:

  1. https://keden.kgd.gov.kz мекенжайына өту;
  2. Басты беттен «Тіркелу» батырмасын басу;
  3. Тіркеу нысанындағы міндетті өрістерді толтырып, NCALayer арқылы ЭЦҚ көмегімен әрекеттерді растау қажет.

Тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін пайдаланушыға берілген құқықтарға сәйкес Жүйеде жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.

Дата публикации
15 июня 2026