Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кедендік әкімшілік

Кедендік бақылауды кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізеді.

Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) Кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданыла отырып жүргізіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің іріктемелілік қағидатын, Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды негізге алады.

Кедендік бақылау объектілерін, Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) Кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.

Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) Кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданады.

Кеден органдарының шығарғанға дейін кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік бақылау нысандарын және (немесе) Кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдануы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылады.

Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық, радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және лауазымдық өкілеттіктері шегінде кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды адамдары жүргізеді.

Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, сондай-ақ өзге де нысандарда немесе Кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды кеден органдары лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуі мүмкін.

Тауарларды шығару фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдарында тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрғаны туралы ақпарат болған кезде кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізуі мүмкін.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, нұсқамалары не қаулылары талап етілмейді.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мен олардың лауазымды адамдары Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қозғалатын өзге де тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына құқыққа сыйымсыз зиян келтіруге жол берілмейді.

Кедендік бақылау кедендік бақылау аймақтарында және тауарлар, оның ішінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары және кедендік бақылауға жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, осындай тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар және (немесе) Ақпараттық жүйелер орналасқан (болуы тиіс немесе болуы мүмкін) өзге де орындарда жүргізіледі.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері белгіленген нысандағы кедендік құжаттарды жасау жолымен немесе осы Кодексте көзделген өзге де тәсілмен ресімделеді.

Документы
Ақпарат
09 сентября 2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Тауарларға арналған декларацияның 31-бағаны: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдері нені білуі қажет
Ақпарат
15 июня 2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
«Кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі туралы
Ақпарат
23 июня 2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Кедендік төлемдер мен салықтар: құқықтық реттеуінің негізгі аспектілері
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы