Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу рәсімін автоматтандыру

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу рәсімін автоматтандыру

Кеден өкілдері ретінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 15 тамыздан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі көрсетудің электрондық нысанына көшу басталады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. өтінішті қарау мәртебесі және хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері Тұрлыбеков О. байланыс деректері 8 (7172) 71-82-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz. немесе телеграм чаты t.me/eoknokz арқылы хабарласуға болады.