
18 мамыр 2022 ж.
Жергілікті бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қозбеков Алматы облысы әкімдігінде өткен кеңесте уәкілетті және мемлекеттік органдар арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды.
2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар Жоспарында Мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды әкімшілендіруге, бөлінген субсидиялар бойынша салықтарды өндіріп алуға, еңбекші көшіп келушілерді заңдастыруға, халықтың бейресми жұмыспен қамтылуын анықтау бойынша нақты шаралар көзделген. Сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша, жаңадан пайдалануға берілген объектілер, жарнама объектілері және басқа да бағыттар бойынша салық түсімдерін бақылау.
Баяндаманы қорытындылай келе, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қозбеков 2022-2023 жылдарға арналған осы іс-шаралар жоспарын қабылдау ағымдағы жылы 13,5 млрд теңге, ал 2023 жылы жергілікті бюджетке 15,5 млрд теңге қосымша түсім алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.