
Салық төлеу процесі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары қысқарды. Бұл «Е – Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
⠀
«Салық әмияны» қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды, мысалы:
Сондай-ақ, «Е – Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.
Бұл қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қосқанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.
Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.
⠀
⠀