
Қосылған құн салығы бойынша ерікті есепке қоюға қатысты, атап айтқанда:
Жаңадан құрылатын ҚР резиденттері-заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде бір мезгілде қосылған құн салығы бойынша есепке өз еркімен тұра алады. Қалған салық төлеушілер салық өтінішін беру арқылы ҚҚС бойынша есепке алынады.
Сонымен бірге, қосылған құн салығы бойынша ерікті түрде есепке қою кезінде салық төлеуші тек салықтық өтінішті табыс етеді және Мемлекеттік кірістер органдарына басқа құжаттарды табыс етуге міндетті емес.
Осылайша, салық төлеушілер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берілген күннен бастап, ал жаңадан тіркелген салық төлеушілер үшін бизнес - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілер болады.