Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi бойынша

Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi бойынша

Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi бойынша

                Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА)жұмыс істейді:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы №187 Жарлығымен құрылған «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА;

2) «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы №624 қаулысымен құрылды.

                «Арнайы экономикалық аймақ» өз бизнесін АЭА-ға орналастыратын компаниялар үшін мемлекет тарапынан стимулдардың құрылымдалған пакетін (мысалы, кедендік баждардан босату, жеңілдетілген кедендік режим) ұсынатын бір ұйым басқаратын, нақты белгіленген шекаралары және ерекше әкімшілік режимі бар географиялық оқшауланған жер учаскесін білдіреді.

                Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» кодексінің 281 бабының 1 тармағына сәйкес еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осындай тауарлар АЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде қойылады және пайдаланылады.

                Еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

                «Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №247 бұйрығына 8-қосымшаға сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ осындай тауарлар туралы есептілікті Мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары» бекітілген:

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі - МКО) осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 283-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және:

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу;

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы МКО есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібі

  1. Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі - ЕЭА) катысушысы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың (бұдан әрі - тауарлар), есептілікте ұсынылатын деректерінің, сондай-ақ тауарлармен жасалған барлық өзгерістерінің көрсетілуімен, электронды түрде есепке алынуын жүргізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 24.06.2020 № 630 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

  1. АЭА катысушысы тауарларды есепке алу бойынша деректерді МКО лауазымды адамдарына кедендік бақылауды жүргізу мақсатындағы олардың талап етуі бойынша ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібі

  1. АЭА қатысушысы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік кірістер органына мынадай:

      1) Кодекстің 285-бабының 1-тармағына сәйкес, операциялар жасау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша;

      2) АЭА объектілерінің құрылысы, жайластыру немесе реконструкциялау мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша;

      3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, порттық АЭА-ға(дан) және логистикалық АЭА-ға(дан) әкелінген (әкетілген) тауарлар бойынша есептіліктерді ұсынады.

  1. Есептілік МКО электронды немесе қағаз түрінде ұсынылады.

                Алайда АЭА қатысушылары тарапынан тоқсандық есептілікті ұсынуда жауапкершіліксіздік байқалады, атап айтқанда есептілікті ұсынбаумен/уақтылы ұсынбаумен және мәліметтердің дұрыс ұсынылмауымен расталады.

                Мысалы, ҚР ӘҚБтК-нің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органына есептілікті ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есеп жүргізу тәртібін сақтамау» 539-бабында көзделген бұзушылық фактілері бойынша ағымдағы жылдың басынан бері АЭА-ның 14 қатысушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.