
📍Салық кодексінің 494-бабының 1-тармағына сәйкес және 496-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынуды салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзуі қажет.
📍Сонымен қатар, Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес, егер салықтық міндеттемені орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
📍«Осылайша, 2021 жылы 6 шілде мереке күні екенін және демалыс күннің 5 шілдеге ауыстырылғанын ескерсек, көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомасын төлеу мен ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 7 шілдеде аяқталады».
Салықтың төлеу мерзімін 7 шілдеге ауыстыру бөлігінде ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйелерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.