
Қазақстанда таңбалау жүйесіндегі жұмысты, қабылдау-тапсыру актілерімен жұмысты оңайлату жоспарлануда, сонымен қатар 2D-сканермен сканерлеусіз таңбалау жүйесінде тауарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы ҚР ҚМ
📍Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.Темекілерді цифрлық таңбалау Қазақстанда 2020 жылғы 1 қазаннан бастап міндетті болып табылады. Қазақстан аумағында өндірілетін немесе ҚР-ға импортталатын барлық темекілер цифрлық маркалармен таңбаланады. Онда өнім туралы сандық ақпарат болады.
📍«Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде markirovka.kz сілтемесі бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы тіркелу жеткілікті»,- дет атап өтті МКК-де.
📍2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ-де тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Сайтта тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды.
📍2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.
Таңбалау жүйесінде таңбаланған темекі өнімдерімен жұмысты оңайлату үшін қабылдау-тапсыру актілерімен жұмысты оңайлату, 2D-сканермен сканерлеусіз таңбалау жүйесінде тауарды есептен шығару мүмкіндігі туралы мәселе қаралады.
📍Қазір шағын кәсіпкерлер үшін таңбаланған тауарлармен жұмыс істеудің әртүрлі аспектілері бойынша пайдалы нұсқаулықтар мен жадынамалар әзірленуде, бейнематериалдар дайындалуда, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін цифрлық таңбалау жөніндегі байланыс орталығының болуы туралы ақпаратты белсенді тарататын болады. Жедел желі телефоны - 8 800 080 6565.«Сондай-ақ, темекі 1999 жылдан бастап қағаз акциздік маркалармен таңбаланатынын, біздің сандық таңбалауды енгізгенімізді, енді 2022 жылдың қаңтарынан бастап қағаз акциздік марканы алып тастайтынымызды атап өтеміз».