
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.06.2021 жылғы №588 Бұйрығымен кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілгені туралы хабарлайды
Электронды шот-фактура жазып беру бөлігінде Пилоттық жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 1000 АЕК асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін ЭШФ жазып беру талап етілмейтінің қосымша хабарлаймыз (Салық кодексінің 412 баптың 1 тармағының 8) тармақшасы);
Сондай – ақ, Салық кодексінің 412 баптың 1 тармағының 2), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер үшін;импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер үшін;электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер үшін:
- сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;
- ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті.
Бұдан басқа, Бұйрықпен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде пилоттық жобаны іске асыру тәртібі қарастырылған.
Осылайша, 2021 жылғы 31 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған және 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша режимді қолдану шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың АСР-ін қолданудың басталу күні 2021 жылғы 1 наурыз болып табылады.