
Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау болып табылады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде салық төлеушілер тарапынан жиі жол беретін бұзушылықтар туралы айтып берді.
Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады.
Алайда, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі, соның салдарынан камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.
Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге келесі сипаттағы қателер жатады.
Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:
Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:
Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:
«Осылайша, сіздің мекенжайыңызға жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады», - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінде.