
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Іле ауданының автожанармай құю станциясында заңсыз жағар жанар май сату фактісі анықтады. АЖС қызметін жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қоймай жүзеге асырды, екі отын-тарату колонкаларымен және ЖЖМ сақтауға арналған үш резервуармен жабдықталды. 2,8 тоннадан астам дизель отыны және 12 тонна АИ92 бензині анықталды. Мұнай өнімдерінің жалпы болжамды құны шамамен 3,9 млн. теңгені құрайды.