Спиртті құю бойынша заңсыз цех анықталды

Спиртті құю бойынша заңсыз цех анықталды

2021 жылғы 30 наурызда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Қарасай ауданында ЖК-ге тиесілі өнеркәсіптік база аумағында құрамында спирті бар сұйықтықтарды заңсыз құюмен айналысатын цехты анықтады. Үй-жайды тексеру барысында жалпы көлемі 5000 литр құрамында спирті бар сұйықтық құйылған әрқайсысы көлемі 1000 литрден 5 ыдыс, сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын өнімді құюға арналған материалдар, суы бар сыйымдылықтар, әртүрлі ыдыс, қақпақтар мен спирт өлшеуіштер табылды және тәркіленді. ЖК-де алкоголь өнімдерін сақтауға арналған қандайда-бір рұқсат құжаттары, лицензиясы болған жоқ.
Қазіргі уақытта ЖК-ді заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.