Қаржылық қиындықтар туындаған кезде салық төлеушілер оларға салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту не бөліп-бөліп төлеу туралы өтініш бере алады

Қаржылық қиындықтар туындаған кезде салық төлеушілер оларға салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту не бөліп-бөліп төлеу туралы өтініш бере алады

Қаржылық қиындықтар туындаған кезде салық төлеушілер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-51-бабына сәйкес салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге салып және (немесе) банк кепілдігімен төлем мерзімін кейінге қалдыруды не бөліп төлеуді ұсыну туралы тіркелген (орналасқан) жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына өтініш бере алады.

Кепілге берілетін мүлік жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны салықтар мен төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтініште көрсетілген салықтар мен төлемдердің сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар: тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; энергияның электр, жылу және өзге де түрлері; тыйым салынған мүлік; салық органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік; үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік; тез бұзылатын шикізат, Тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу тиісінше салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын біржолғы немесе кезең-кезеңімен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

Салықтар және (немесе) төлемдер сомаларын біржолғы төлей отырып кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салық және (немесе) төлем сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге міндеттемелердің мөлшері және олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетілген салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттемелердің туындауының өзге де негіздерінің болуын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаға қолданылмайды;

2) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің болуын растайтын құжаттар;

3) бағалаушының кепілге берілетін мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттарды не кепілгер банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін қамтиды.

Салық заңнамасының барлық талаптары мен нормалары сақталған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін Өзгертуді ұсыну туралы мәселе қаралатын болады.