
2021 жылғы 09 ақпанында Алматы облысы бойынша МКД "Атамекен" Алматы облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «ТІЖ пилоттық жобасын іске асыру мәселесі» бойынша ZOOM режимінде онлайн вебинар өткізді.
Вебинарға пилоттық жоба шеңберінде ТІЖ шығару бойынша міндеттемесі бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, компаниялардың бухгалтерлері мен директорлары қатысты.
Вебинарға Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары А.Т. Сауданбеков, Алматы облысының "Атамекен" КП өкілі С.Т.Түсіпов, сондай – ақ Департаменттің басқарма басшылары және бухгалтерлер мен сарапшылар, жеке кәсіпкерлер пилоттық жоба шеңберінде ТІЖ шығару бойынша міндеттемесі бар компаниялардың заңды тұлғалары қатысты.