Хабарлама! Құрметті салық төлеушілер! Сіздердің назарларыңызға МКК «eSalyq» порталының қосымшасы «Салық әмияны» қызметі арқылы салықтарды төлеуге болатынын жеткіземіз.

Хабарлама! Құрметті салық төлеушілер! Сіздердің назарларыңызға МКК «eSalyq» порталының қосымшасы «Салық әмияны» қызметі арқылы салықтарды төлеуге болатынын жеткіземіз.

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Сіздердің назарларыңызға МКК «eSalyq» порталының қосымшасы «Салық әмияны» қызметі арқылы салықтарды төлеуге болатынын жеткіземіз.

«Салық әмияны» қосымшасын жеке  тұлғалар  және жеке кәсіпкерлер пайдалана алады.

Пайдалану үшін қажет:

  1.  МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасын App Store және Play Market қосымшалары арқылы жүктеу.
  2. Қосымшаға тіркелу үшін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану .
  3. «Салық әмияны» қосымшасы теңгерімін толтыру «Қазақстан халық банк» АҚ  және Kaspi.kz қосымшасы арқылы келесі реквизиттер бойынша:

Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициардың банкі атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің БСК: KKMFKZ2A 

Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»

ТБК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»

                    

«Салық әмияны» қосымшасының көмегі арқылы:

 

  • Салықтарды төлеуді жүргізеді;
  • салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;
  • Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтейді;
  • Салық салу объектілері  мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша  деректерді қарайды және өзгеріс енгізеді;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді төлейді (БЖТ);
  • «Артық төлемді басқару» сервисі  арқылы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға немесе бюджеттен қайтаруға өтініш береді.