Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде ) 2022 жылдың бес айында 807 623 қызмет көрсетілген, оның ішінде 797 321 немесе 98,7%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 3 787 қызмет, «Е-лицензирование» - 921 қызмет), 10 288 немесе 1,3% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 14 немесе 0,002%.
Сондай-ақ, 2022 жылдың мамыр айында 130 782 қызмет көрсетілген, оның ішінде 128 441 немесе 98,2%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 1 227 қызмет, «Е-лицензирование» - 198 қызмет), 2 341 немесе 1,8% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 0.
Есептік кезеңінде (2022 жылдың мамыр айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі 22 518 немесе 17,2% құрайды;
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2022 жылдың мамыр айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1 176 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.
Сонымен қатар, мамыр айында Департаментімен Еңбекшіқазақ, Талғар, Кербұлақ аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 16.05.2022 жылғы № К-171 бұйрық).