2022 жылдың қаңтар айында
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебінің
Талдау анықтамасы
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде ) 2022 жылдың қаңтар айында 149 086 қызмет көрсетілген, оның ішінде 147 649 немесе 99%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 388 қызмет, «Е-лицензирование» - 112 қызмет), 1 435 немесе 1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 2 немесе 0,001%.
Есептік кезеңінде (2022 жылдың қаңтар айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шотынан үзінді көшірме беру» қызметі 20 031 немесе 13,4% құрайды;
Сонымен, 2022 жылдың қаңтар айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 850 іс-шара өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және Әдеп кодексін сақталуына қатысты, мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияналып, тікелей эфирлер өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалар мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.