2021 жылдың желтоқсан айында
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебінің
Талдау анықтамасы
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде ) 2021 жылдың он екі айында 1 639 490 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 617 455 немесе 98,7%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 9 883 қызмет, «Е-лицензирование» - 1 745 қызмет), 21 997 немесе 1,3% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 38 немесе 0,002%.
Сондай-ақ, 2021 жылдың желтоқсан айында 99 896 қызмет көрсетілген, оның ішінде 98 360 немесе 98,5%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 695 қызмет, «Е-лицензирование» - 71 қызмет), 1 535 немесе 1,5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1 немесе 0,001%.
Есептік кезеңінде (2021 жылдың желтоқсан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шотынан үзінді көшірме беру» қызметі 15 401 немесе 15,4% құрайды;
2021 жылдың қараша айында «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 1 салықтық өтініштің мерзімін бұзу анықталды.
Сонымен, 2021 жылдың желтоқсан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 570 іс-шара өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және Әдеп кодексін сақталуына қатысты, мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияналып, тікелей эфирлер өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалар мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.
Сонымен қатар, желтоқсан айында Департамент Талдықорған, Текелі қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізді (негізі: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 07.12.2021 жылғы № К-425 бұйрықтар). Ескерту: 2021 жылдың он екі айында көрсетілген қызметтердің саны 1 639 490-ті құрады, бұл жаңа есеп нысанындағы 12.2 жолда көрсетілген «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының (оның ішінде шетелдік) жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметтінің алынынып тасталуына байланысты, мемлекеттік көрсетiлген қызметтер саны 1 639 291 құрады, яғни алдыңғы есеп нысанында 2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында көрсетiлген 199 қызмет бойынша сәйкессіздік туындады.