Алкоголь өнімін сақтау және өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімін сатуды заңды түрде жүзеге асыру үшін кәсіпкер алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек немесе көтерме саудада өткізуге мемлекеттік лицензия алуы қажет.
Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек (көтерме) өткізуге арналған Лицензия алкоголь өнімінің барлық түрлерін (арақ, шарап, коньяк, бренди, сыра, ликер-арақ бұйымдары) өткізуге құқық береді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы Алматы облысы бойынша МКД; электрондық үкімет порталы арқылы: www.egov.kz, www.elicense.kz.
Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге Лицензия қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.
Алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге Лицензия адамның орналасқан немесе тіркелген жері бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен бекітілген «Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» талаптарына сәйкес беріледі.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
Лицензия алу үшін лицензиялық алым сомасы:
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Алымды төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Лицензиаттар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын жыл сайын 25 наурызға, 25 маусымға, 25 қыркүйекке, 25 желтоқсанға дейін төлейді.