Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың маусым айында талдау анықтамасы

2021 жылдың маусым айында

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын

ішкі бақылау бойынша есебінің

Талдау анықтамасы

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде ) 2021 жылдың алты айында 909 507 қызмет көрсетілген, оның ішінде 889 428 немесе 97,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 4 520 қызмет, ГБД «Е-лицензирование» - 1 082 қызмет), 20 055 немесе 2,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 24 немесе 0,003%.

Сондай-ақ, 2021 жылдың маусым айында 113 660 қызмет көрсетілген, оның ішінде 108 293 немесе 95,3%, – электронды түрде (содан тыс «электрондық үкімет» веб-порталы – 787 қызмет, ГБД «Е-лицензирование» - 179 қызмет), 5 364 немесе 4,7 % – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 3 немесе 0,003%.

Есептік кезеңінде (2021 жылдың маусым айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

  • «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 21 875 немесе 19,1% құрайды;

- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі  16 698 немесе 14,6% құрайды;   

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2021 жылдың маусым айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 638 іс-шара өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және Әдеп кодексін сақталуына қатысты, мақалалар, жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияналып, тікелей эфирлер өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

Сонымен қатар, маусым айында Департамент Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі бойынша тексеріс жүргізді (негізі: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 18.06.2021 жылғы № К-217 бұйрығы).

Осы, 2021 жылдың маусым айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ішкі бақылау есебін «Көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебін сапалы толтыру туралы» Хаттамаға сәйкес толтырылды.

Дата публикации
19 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 июня 2026
Аудит басқармасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 июля 2022
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі декларацияны табыс етпеген не уақытылы табыс етпеген кездегі жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы