Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер түрінің бірі «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 48-бабының 12-тармағына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы талап қою мерзімі шегінде ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде төленген сома мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады (талап қою мерзімі үш жылды құрайды).
Салық мониторингіне жататын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салықтөлеушілердің санаттары үшін осы Кодекстің 30-тарауының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері үшін талап қою мерзімі Салық кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес бес жыл.
Мемлекеттік бажды қайтару үшін ескіру мерзімі оны төлеген күннен бастап 3 жылды құрайды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің №101,102,103 баптарына сәйкес салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызу және қайтару мемлекеттік қызметін мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 27 ақпандағы №306 бұйрығының 2-тарауына сәйкес «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу үшін салықтөлеуші электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда:
- жеке тұлғаларға арналған тегін «Е-салық азамат» мобильді қосымшасы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсы «Салықтөлеуші кабинеті»;
- Мемлекеттік корпорация «электрондық Үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды салықтық өтінішті ұсына алады.
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу үшін:
Алайда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 101-бабының 1 және 3-тармақтарына енгізілген өзгеріске сәйкес салықтөлеуші Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттары жүргізілмейтін төлемдер және Уәкілетті мемлекеттік органдар өзі әкімшілендіретін төлемдері бойынша артық (қате) төленген сомаларды есепке алу немесе қайтаруға салықтық өтініш ұсынған кезде, уәкілетті органның әрекетсіздігін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін құжатты, жүйе уәкілетті органдардың электронды базасының деректері негізінде мәліметтерді тексеріп автоматты түрде салықтөлеушінің салықтық өтінішімен бірге ұсынады, алайда жүйенің жетілдіру жұмыстары жалғастырылуына байланысты бұл функция уақытша қолжетімді емес. Жақын арада, барлық уәкілетті органдарды электрондық базаға қосқан күннен бастап автоматтандырылған түрі қолжетімді болады.
Мемлекеттік кірістер органы салық өтінішін қағаз түрінде қабылдамайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі салық өтініші түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінде:
Сондай-ақ, ОСДШ АЖ-де («орталықтандырылған сәйкестендіру дербес шоты" ақпараттық жүйесі) нақты уақыт режимінде автозачеттар пайдаланушылардың қатысуынсыз жүзеге асырылатыны хабарланады. Автозачеттар:
Мынадай ресми ақпараттық байланыс ресурстары арқылы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын білуге, сондай-ақ өз сұрақтарыңызды қоюға болады: