Меню

Страницы

Статья

Регламент мораторийдің қолданылу кезеңінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тақырыптық салықтық тексерулерді тағайындау

Регламент

мораторийдің қолданылу кезеңінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тақырыптық салықтық тексерулерді тағайындау

 

1 тарау. Жалпы ережелер.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.06.21 жылғы №001-КГД/15765-вн бұйрығымен мораторийдің қолданылу кезеңінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тақырыптық салықтық тексерулерді тағайындау регламенті бекітілген. Осы регламент мемлекеттік кірістер органдарының "Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау және бару арқылы қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасын біркелкі қолдануы мақсатында әзірленді.

  1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының міндеті, оның ішінде құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жарлықтың 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі негізінде ұлттық қауіпсіздікке ықтимал тікелей немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған тексерулер жүргізілуі мүмкін.

"Қазақстан Республикасындағы Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің бірі капитал мен тауарларды елден тысқары жерлерге бақылаусыз әкетуді, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың өсуін қоса алғанда, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болып табылады.

Көлеңкелі экономиканың өсуіне бюджетке салық төлеуден жалтару құралы болып табылатын, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып беру ықпал етеді.

 2 тарау. Тақырыптық тексерулерді тағайындау тәртібі

  1. Тақырыптық салықтық тексерулер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабына сәйкес іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп – жөнелтілмей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін өнім беруші контрагенттермен өзара есеп айырысуды жүзеге асырған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тағайындалады.
  2. Осы Регламенттің 3-тармағында көзделген тақырыптық салықтық тексерулер іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселесі бойынша тағайындалады (Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасы).
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жауапты адамы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінен (бұдан әрі – ҚҚА) ҚР ҚК 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан адамдар туралы ақпарат алу қорытындылары бойынша 5 жұмыс күні ішінде олар бойынша мынадай мәселелер бойынша талдау жүргізеді:

* орналасқан жері бойынша болуы / болмауы;

* ҚҚС бойынша есепке қою / есептен шығару;

* салықтық есептілікті уақтылы ұсыну;

* еңбек ресурстарының, негізгі құралдардың болуы / болмауы;

* бірінші және кейінгі деңгейдегі жеткізушілерден тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мүмкіндіктері.

  1. Өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін тұлғаның тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтердің жиынтығы расталған кезде Комитеттің жауапты адамы жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және талдау жүргізілетін қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын айлық есептік көрсеткіштің сомасына көрсетілген адаммен өзара есеп айырысуды жүзеге асырған контрагент-сатып алушылардың тізімін айқындайды.
  2. Салық тексеруі тағайындалғанға дейін Салық кодексінің 96-бабының ережелеріне сәйкес бөлінген контрагент – сатып алушылардың атына ҚР ҚК 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін адамдармен операцияларды жасау фактісі бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі-хабарлама) қойылады.
  3. Хабарлама Комитеттің жауапты тұлғасы Комитеттің бейінді құрылымдық бөлімшесінің атына мәліметтерді ұсынған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қойылады.
  4. Анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беру жолымен хабарламаны орындаған контрагент-сатып алушыларға қатысты Комитет ұсынылған түсіндірмелердің негізділігіне талдау жүргізеді.
  5. Салық төлеушінің дәлелдерінің негізділігі расталмаған жағдайда Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің шешімі негізінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады.
  6. Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы бұйрық ол шығарылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орындау үшін Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттеріне жіберіледі.
Дата публикации
26 августа 2021
Дата обновления
26 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 июня 2026
Аудит басқармасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 июля 2022
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі декларацияны табыс етпеген не уақытылы табыс етпеген кездегі жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы