POS-терминалдарды қолдану
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді:
Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы орындарды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысымен салық төлеушілер РОЅ-терминалдарды қолдануға міндетті 14 Қызмет түрінің тізбесі бекітілді:
Мұндай жабдық қызмет көрсететін банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт негізінде орнатылады. Осы жабдықты мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу жүргізілмейді.
Салық кодексінің 142-бабының 14-тармағына сәйкес салық органдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселесі бойынша салықтық тексерулер жүргізу міндеті жүктелген.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 195-бабына сәйкес дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін ескерту жасауға әкеп соғатыны көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап тартылған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.