Меню

Страницы

Статья

Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармаларының Салық кодексіне енгізген өзгертулері

Салық кодексінің 48-бабының 12-тармағы

Артық (қате) төленген салық сомасын және бюджетке төленген төлемді, өсімпұлды есепке жатқызу және қайтару бойынша ескіру мерзімін нақтылау.

Артық (қате) төленген салық сомасының, бюджет төлемінің және есепке жатқызуға және қайтаруға жататын соманың бар екендігі расталғаннан кейін, артық (қате) төленген салық сомасының, бюджетке төленген төлемдер мен өсімпұлдың есебі ескіру мерзімі  ағымдағы және өткен жылдар ішінде төленген сомалар бойынша жүргізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескіру мерзімі үш жылды құрайды, тек ірі кәсіпкерлік субъектілерін, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жұмыс жасайтын салық төлеушілерді, Салық кодексінің 30-тарауының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттерін қоспағанда, олар үшін ескіру мерзімі бес жылды құрайды. (Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтары).

Артық (қате) төленген соманы есептеу үшін күнтізбелік 1 жыл қолданылады.

Мемлекеттік бажды қайтару үшін ескіру мерзімі оны төлеген күннен бастап үш жылды құрайды.

Заңда осы норманың қолданылуы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көзделген.

 

Салық кодексінің 100-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы

Берешектің болмауы (болуы) туралы ақпаратты әділет органдарына ұсыну мерзімін қысқарту.

Заңды тұлғаны тарату немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату бойынша мемлекеттік қызметтерді уақтылы ұсыну мақсатында әділет органдарына берешектің болмауы (болуы) туралы ақпаратты тіркеу орындары бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен үш жұмыс күні ішінде ұсынылу көзделген. Бұрын мұндай ақпарат бес жұмыс күні ішінде ұсынылған.

Заңда осы норманың қолданылуы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көзделген.

 

 

Салық кодексінің 101-бабының 1 және 3-тармақтары

Уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін төлемдер үшін артық төленген сомаларды есепке алу және қайтару.

Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттар жүргізілмейтін төлемдерді және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен әкімшілендірілетін бюджет төлемдерін, олардың әрекетсіздігін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін қосымша құжаттарды ұсынбастан, қайтаруға болады.

Есепке жатқызу және қайтару электрондық базаның деректері негізінде жүзеге асады. («электрондық үкімет» төлем шлюзі негізінде).

Ол барлық уәкілетті органдарды электрондық базаға қосқаннан кейін жүзеге асырылады.

 

Салық кодексінің 102-бабының 4-1-тармағы

Салықтың артық төленген (жиналған) сомасын есепке алуды, бюджетке төленетін төлемдерді жүргізу.

Салық берешегі болмаған кезде және электронды байланыс арналары арқылы жіберілген салықтөлеушінің келісімі бойынша мемлекеттік кірістер органдары салықтың артық төленген (өндірілген) сомасын, бюджеттік төлемді салықтөлеушінің өтінішінсіз алдағы төлемдеріне байланысты және бюджетке төленетін басқа салықтар мен төлемдеріне есепке жатқызу көзделген.

Бұл норма 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Салық кодексінің 101-бабының 4-тармағы, 103-бабының 3-тармағы, 106-бабының 3-тармағы, 107-бабының 2-тармағы, 108-бабының 5-тармағы.

Есепке жатқызу және  қайтару мерзімдерін қысқарту.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға қатысты Жол картасын орындау мақсатында салықтың артық төленген (өндірілген) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды, бюджетке төленетін төлемдерді іске асыру мерзімі он күннен бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Бұл норма 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

 

Салық кодексінің 101-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы

Қол қойылған бонус үшін төленген соманы есепке алу және қайтару бойынша

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген, оны өткізу ережелерін бұзғаны үшін аукцион өткізілмеген деп танылған жағдайды қоспағанда, бұл аукцион жеңімпазын анықтауға әсер еткенде, қол қойылған бонустың төленген сомасы есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.

Негіздеме:

Қол қойылған бонустың төленген сомасын қайтару мәселелерін қосымша регламенттау мақсатында түзету Салық кодексінің 729-бабындағы өзгерістерге байланысты.

 

Дата публикации
28 апреля 2021
Дата обновления
28 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 июня 2026
Аудит басқармасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 июля 2022
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі декларацияны табыс етпеген не уақытылы табыс етпеген кездегі жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы