Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жиынтық төлем

БЖТ төлеу автоматты түрде жеке тұлғаның жұмымссыз ретінде тіркелгені болып табылады. БЖТ төлеген жеке тұлғалар кәсіпкер ретінде тіркеуден және салықтық есептілік тапсырудан босатылады.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 774 бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін жеке тұлғалар:

  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
  • жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

 Бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

  • коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
  • тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі.

  1. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.
  2. Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

  1. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша оның жеке табыс салығы бірыңғай жиынтық төлем сомасының 10 пайызын құрайды.
  2. Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

776-бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті

  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады;
  • бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады;
  • бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.
  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

Бірыңғай жиынтық төлем – мемлекетті хабралай отырып кәсіпкерлікпен айналысып , табыс тауып және әлеуметтік сақтандыру төлемін төлеп орасан зор мүмкіндік.

Қазақстанда  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді.

Бірыңғай жиынтық төлем қосалық шаруашылықпен енбектенетін адамдарға есептелінген. Яғни бейресми жұмыссыз адамдар кәсіпкерлігін жеке кәсіркер ретінде тіркелмей жұмыс жасау мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік органдарда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ белгілі бір табысы бар тұлғалар.Оларға сантехниктар,тігіншілер, үйлерінде жұмыс жасайтындар жатады. Қазынаға 2778 теңге төленгенен кейін автаматты түрде жұмыссыз ретінде мәртебеге ие болады.

Бірыңғай жиынтық төлем әр адамның өз еркімен жүргізіледі. БЖТ төлеу екінші деңгейлі банктер,  Казпочта бөлімшелерінде және ұялы қосымшалар арқылы төленеді. Төленген сомадан 10%  жеке табыс салағына, 20% әлеуметтік төлемдер, 30% зейнетақы қорына және 40% әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бөлінеді.

БЖТ төлемінің 2 маңыздылығы бар. БЖТ төлеген азамат  автоматты түрде мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру төлеуші ретінде есептелінеді. Зейнет ақы қоры төленгендіктен еңбек өтілім саналатын болады. Бұл өте қолайлы.

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
30 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 июня 2026
Аудит басқармасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 июля 2022
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі декларацияны табыс етпеген не уақытылы табыс етпеген кездегі жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы