Меню

Страницы

Статья

Кедендік бақылауды қабылдау шаралары

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 393-бабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарымен тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы кесіп өту барысында Кедендік бақылау жүргізіледі.  

Осылайша, кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып жүргізіледі.

Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады (бұдан әрі - ТБЖ).

Мәселен, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 30.11.2020 ж.жағдай бойынша ТБЖ ұсынымы бойынша 2 925 кедендік тексеру жүргізді, оның ішінде 2 485 факті бойынша кеден заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Көрсетілген кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша жалпы сомасы 764,1 млн.теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қоса есептелді.

Дата публикации
25 декабря 2020
Дата обновления
25 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 июня 2026
Аудит басқармасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 июля 2022
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі декларацияны табыс етпеген не уақытылы табыс етпеген кездегі жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы