Кедендік төлемдер мен салықтар жеке шоттар бойынша қысқаша ақпарат

2018 жылғы 1 сәуірден бастап "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" жаңа Кодекс шеңберінде "төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2018 жылғы №244 бұйрығы қолданысқа енгізілді, онда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша есепке алу жүргізіледі.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап "Астана-1" АЖ (Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі) пайдалануға енгізілді, осыған байланысты КААЖ-2 ҚБҚ ескі бағдарламасынан ("Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе -2" АЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету) ОСДШ АЖ-не (Орталықтандырылған сәйкестендіру дербес шоты) және АСТАНА-1 АЖ-не СЭҚ (Сыртқы экономикалық қызмет) дербес шоттары бойынша сальдо көші-қон жүргізілді.

Астана-1 АЖ пайдалануға енгізумен:

1) "ЖСН бойынша салыстыру актісін" ұсыну Мемлекеттік қызмет көрсетілуі мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының тізбесінен алынып тасталды, осыған байланысты СЭҚ қатысушылары кеден төлемдері және салық  бойынша есеп айырысуларды салыстырып тексеру салық төлеушінің кабинетінде дербес жүргізуі тиіс. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректері мен төлеушінің деректері бойынша кеден төлемдері мен салықтар мәліметтердің алшақтықтары болған жағдайда МКО алшақтықтары анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде туындаған алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізіледі.

2) төлемді онлайн-режимде жүргізу мүмкіндігі пайда болды, осыған байланысты СЭҚБ кеден төлемдері мен салықтар сомасын төлеп, тауарларды дереу КБ-де тазарта алады. ОСДШ ақпараттық жүйесінде және Астана-1 АЖ-да МКО мамандарымен СЭҚ жеке шоттарына түскен кеден төлемдері мен салықтар түсімдерінің дұрыстығы мен уақтылығы тұрғысынан онлайн-төлемдердің түсімдерін салыстырып тексеру қамтамасыз етіледі.

Егер СЭҚ кеден төлемдері мен салықтар сомаларын басқа өңірге қате төлеген жағдайда, МКО мамандары СЭҚ өтінішінсіз дербес тіркеу орны бойынша есепке алуды жүргізеді.

Кодекстің 89, 143-баптарында белгіленген талап қою мерзімі өткен соң, кеден төлемдері мен салықтар сомасы жеке шоттардан есептен шығарылады.

Дата публикации
25 января 2021