2020 жылға жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпарат

Бүгінгі күні Алматы облысының аумағында пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 532 жер қойнауын пайдаланушылар тіркелген, оның ішінде 275-і жер асты суларын өндірумен, 9 салық төлеуші қатты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады.  2020 жылға арналған пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың жалпы сомасы 1 537,0 млн. теңгені құрады, бұл жерде тұрақты өсу байқалуда (2017 ж. - 867,8 млн. теңге, 2018 ж. - 1 278,6 млн. теңге, 2019 ж. - 1 483,7 млн. теңге).

 Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын заңсыз өндіруге қарсы тұру және жер қойнауын пайдаланудың жасырын нысандарын анықтау мақсатында, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып және 2020-2021 жылдарға арналған уәкілетті органдармен бірлесіп іс-шаралар жоспары жасалды.

Жүргізілген рейдтік және хронометраждық тексерулерге сәйкес заңсыз кен қазу фактілері анықталды:

- кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені үшін 6 салық төлеуші бойынша  тиісті құжаттар ЭТД- не жолданылды, оның ішінде 3 салық төлеуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 139-бабы, 1-бөлігіне сәйкес 1,6 млн.теңге көлемінде, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасамай, серіктестіктердің бірімен АСГ-ны заңсыз өндірудің бір фактісі бойынша мемлекетке 212,0 млн.теңгеден астам сомада зиян келтірілді, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алматы облысы ішкі істер департаментіне жолданды;

- 2 салық төлеушге қатысты хронометражды зерттеу нәтижелері бойынша, 4,1 млн.теңге сомасына қосымша салықтар түсуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, камералдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджетке 232,6 млн.теңге сомасында қосымша түсімдер түсуі қамтамасыз етілді.

Дата публикации
28 декабря 2020