2020 жылдың қызметі бойынша қортынды есебі

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселері

жөніндегі қызметінің есебі

(есепті кезең 2020 жыл)

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Көрсетілетін қызметті берушілер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары:

– Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің  мемлекеттік кірістер комитеті;

  • Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
  • аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты болып:

  • салықтардың және түсімдерінің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін және экономикасын қорғауды қамтамасыз ету табылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызметтер (17 кедендік бағыттағы және 25 салықтық бағыттағы) көрсетіледі. Қазіргі уақытта 35 қызмет (немесе 83,3%) электронды түрде көрсетіледі. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтерді алушылардың қолайлылығы үшін 18 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы  арқылы қол жетімді. Ақылы түрде 9 мемлекеттік қызмет, ақысыз түрде – 33 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша стандарттар мен регламенттер бекітілді:

– «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығы;

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығы.
  • Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген " Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары".

3) Аса сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер оргшандарымен барлығы – 1 803 762 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 1 749 323 немесе 97%, қағаз түрінде – 50 909 немесе 2,8%.

Аса сұранысқа ие қызметтер болып мына қызметтер табылады.

  • "Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме" - 594 590 немесе 33,0%;
  • "Салық есептілігін қабылдау" - 490 128 немесе 27,2%;

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарттар, регламенттер, жадынамалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік кірістер комиттеттің (бұдан әрі – Комитет) www.kgd.gov.kz, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті: almobl.dgd интернет-ресурсында орналастырылған.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы  ақпаратты 1414, 88000807777 телефондары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы  ақпаратты, сонымен қатар, салықтық өтініштерді және есептілікті толтыру үлгілері мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік кірістер органдарының тақталарында және үстелдерде орналастырылған.

Мемлекеттік кірістер органдары салықтық және кедендік заңнамалар саласындағы қызмет алушылардың ақпараттылығын арттыру үшін салықтық және кедендік заңнамаларын түсіндіру бойынша семинарлар тұрақты түрде жүргізіледі, материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сонымен қатар, ресми әлеуметтік желілерде (Facebook  и Instagram). Салықтық және кедендік заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат Комитеттің сайтында тұрақты орналастырылады.   

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерістерін жетілдіру бойынша қызмет

              

Салық төлеушілерге кезекте күту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлеккеттік кірістер органдарының ірі қызмет көрсету орталықтарында (Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандары және Талдықорған, Қапшағай қалалары) кезекті электронды басқару жүйесі (бұдан әрі - КЭБЖ) орналастырылды. КЭБЖ фукнционалы департамент және Комитет деңгейінде қол жетімді әртүрлі есептермен жабдықталған, ол нақты уақыт режімінде аумақтық бөлімшелердегі кезекті ағымдағы жағдайда бақылауға мүмкіндік береді.

 Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін Комитет сайтында кезекті онлайн брондау функционалы жүзеге асырылды, ол алдын-ала МКБ келу уақытын жоспарлауға м.мкіндік береді және салық төлеушілердің уақыт шығындарын анағұрлым азайтады.

Сонымен қатар, КЭБЖ талонында E-salyq мобилді қосымшасына сілтемемен QR-код орналастырылған, онда "Салықтық әмиян" функционалы бар.

 

 

Дата публикации
24 декабря 2020