Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау

Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың нысандарының бірі кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру және кедендік тексеру болып табылады.

Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі болуы мүмкін.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментімен 2020 жылдың 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 140 кедендік тексеру жүргізілеген, оның ішінде 80 кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру, 49 камералдық кедендік тексеру, 11 көшпелі кедендік тексеру.

Нәтижесімен 732,5 млн. теңге сомасында төлеуге жататын кедендік төлемдермен салықтар есептелген, оның ішінде 228,3 млн. теңге өндіріп алынған.

Дата публикации
23 декабря 2020