GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтату

Белсенді емес салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген салық төлеуші ​​қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға жатады.

 

Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген жəне талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келетін:

 

1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;

 

2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;

 

3) банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;

 

4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

 

5) басқа заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кəсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;

 

6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;

 

7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;

 

8) əлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

 

9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылуға жатады.

 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:

 

1) салықтық мониторингке жататын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сəйкес қызметті жүзеге асыратын;

3) камералдық бақылау нəтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге - мұндай бұзушылықтар болған кезде;

4) өзіне қатысты сот орындаушылары жəне (немесе) басқа да уəкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;

5) ұлттық жəне (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рəсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;

6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.

 

Қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тəртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.

 

Салық төлеушіні əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мəжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.

 

Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатуды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салық органы жүргізеді.

 

20 октября 2026
Қаржылық бақылау шаралары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметінде заңдылықты, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз ету – мемлекеттік басқару жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Осы тұрғыда қаржылық бақылау тетіктері сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

 

Аталған мақала Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының, 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық бақылау шараларын талқылауға арналған.

 

1. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларациялау

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жыл сайын 270.00 нысанындағы жеке табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

 

Аталған декларацияда:

 

мемлекеттік қызметшінің табыстары;

 

оның меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

 

банктік шоттардағы қаражат;

 

бағалы қағаздар мен өзге де активтер толық көлемде көрсетілуі тиіс;

 

Бұл талаптар табыстар мен шығыстардың сәйкестігін бақылауға, заңсыз баю тәуекелдерін төмендетуге бағытталған;

 

2. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салу

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге:

 

жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

 

коммерциялық ұйымдарды басқаруға;

 

табыс табуға бағытталған өзге де кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады;

 

Аталған шектеулер мүдделер қақтығысының алдын алуға және қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдаланбауға бағытталған;

 

3. Мемлекеттік қызметке кірер алдындағы кәсіпкерлік қызметті тоқтату тәртібі

 

Егер тұлға мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысқан болса, ол:

 

 

мемлекеттік қызметке тағайындалған күннен бастап бір ай мерзім ішінде;

 

кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға немесе;

 

мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

 

4. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық бақылауды дамыту

 

Қаржылық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында:

 

·        декларацияларды автоматтандырылған талдау жүйелерін дамыту;

·        тәуекелдерді басқару жүйесін кеңінен қолдану;

·        мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту;

·        қаржылық бақылау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің,бұлтартпастығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

 

Қорытынды

 

 Қаржылық бақылау шараларын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына оң ықпал етеді.

 

16 октября 2026
"Жайсан" және "Әлімбет" автомобиль өткізу пункттеріндегі жағдай туралы.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жайсан" және "Әлімбет"автомобиль өткізу пункттерінде қалыптасып жатқан ағымдағы жағдай туралы хабарлайды.
"Жайсан" автомобиль өткізу пункті бойынша.
2026 жылғы 04 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясының іргелес аумағында, Ақтөбе облысы бойынша МКД "Жайсан" АӨП іргелес жағында "Сагарчин" МАПП Ресей Федерациясынан шығу жағынан жол төсемін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы Ресей Федерациясына кіруге арналған жолдың бір жағында ұйымдастырылған. Жол жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, 2026 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша "Жайсан" автомобиль өткізу пунктінде экспортқа және импортқа шығатын жүк және жеңіл автокөлік құралдарының аздаған жиналуы байқалады.
"Әлімбет" уақытша өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі жұмысының технологиялық схемасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын кіруге және шығуға 2 жүк АТС-тан өткізуді ұйымдастырумен байланысты, 04.09.2026 жылдың кешінен бастап автокөлік құралдарының жиналуы байқалады.

Аталған өткізу пункттеріндегі жағдай Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, көлік қозғалысы жүзеге асырылуда, мемлекеттік шекара арқылы өткізуде айтарлықтай қиындықтар ағымдағы сәтте байқалмайды. Қазіргі уақытта шекарада көлік құралдарының жиналуы айтарлықтай төмендеді. Жағдай одан әрі өзгерген және автокөлік құралдарының жинақталуының елеулі ұлғаюы туындаған жағдайда қосымша ақпарат ұсынылатын болады.

15 октября 2026
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылатын мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары мыналар болып табылады:

 -оның банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;

 -дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу;

 -оның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу;

 -жарияланған акцияларды мəжбүрлеп шығару;

 -Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу;

 -жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару.

 Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кəсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға қолданылады.

   Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) - 6) тармақшаларында көзделген мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары осы Кодекстің 189 жəне 190-баптарында айқындалған субъектілерге қолданылады.

13 октября 2026
Салыстырмалы бақылау

141-бап. Салыстырмалы бақылау

 

1. Салыстырмалы бақылау - салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:

 

1) оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;

 

2) салықтық есептіліктің;

 

3) салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уəкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мəліметтердің;

 

4) банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мəліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.

 

Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.

 

2. Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.

08 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданатын студентсіз бе? Бірақ МӘМС бойынша берешек пайда болды ма?

Кейбір жағдайларда «Студент» жеңілдік санаты көрсетілмесе, МӘМС бойынша есептеулер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.

Жағдайды қалай түзетуге болатынын және қайта есептеуге өтінімді қалай беру керектігін карусельден біле аласыз.

Нұсқаулықты жоғалтып алмау үшін жазбаны сақтап қойыңыз.

06 октября 2026
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табысына салық салу
01 октября 2026
Дипфейктер мен дауысты қолдан жасау: ЖИ көмегімен жасалған алаяқтықты қалай тануға болады?

Алаяқтар таныс адамдардың бет-бейнесі мен дауысын қолдан жасау үшін жасанды интеллектіні жиі пайдаланады. Мұндай бейнежазбалар мен аудиожазбалар өте шынайы көрініп, естілуі мүмкін, сондықтан тек көргеніңізге немесе естігеніңізге сене бермеу маңызды.

Неге назар аудару керек және сізбен шынымен таныс адамыңыз байланысып тұрғанын қалай тексеруге болады?

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ

Мемлекеттік қызметші:
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы дереу хабарлауға;
- өзін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға итермелеу жағдайлары туралы да хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен жағдайда заңнамада көзделген мемлекеттік қорғау шараларымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өтінішін алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тиісті шаралар қабылдауға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті!

24 сентября 2026
Баланы интернетте қалай қорғауға болады?

Баланың интернеттегі қауіпсіздігі ересектердің назары мен сенімінен басталады.

Құпиялылық баптаулары, жеке деректерді қорғау және ықтимал қауіптер туралы ашық әңгімелесу тәуекелдерді азайтып, қажет болған жағдайда дер кезінде көмек алуға мүмкіндік береді.

Баланың кез келген қиын жағдайда сенімді ересек адамға айтып, қолдау ала алатынын білуі маңызды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы