"E-Salyq Business" мобильді қосымшасында фискалдық чектер беруге болады.

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасында фискалдық чектер беруге болады.

Салық төлеушілердің назарына!

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасында фискалдық чектер беру модулі іске қосылғандығын хабарлайды. Алдағы уақытта, жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын жеңілдету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленіп іске қосылды. Функционалды түрде «Е-Salyq Business» қосымшасы кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу немесе жою, салықтарды төлеу, хабарламалар мен анықтамалар алу мүмкіндігімен қатар, фискалдық чектер беру модулі қосылды.

«Е-Salyq Business» қосымшасында чектер беру - бақылау-кассалық машинаның баламасы және кірістерді фискализациялаумен кассалық аппараттың оңайлатылған нұсқасы болып табылады. Бұл қызметте тауарлардың көптеген атаулары бар, сауда объектілері үшін бақылау-кассалық машиналарды толығымен алмастыра алмайды. Бірақ шағын сауда нүктелері бар және көптеген өзге кәсіпкерлер үшін бұл кәсіпкерлік қызметті барынша жеңілдетеді.

Сервис қызметтерге, жұмыстарға чек қалыптастыруға және оны сатып алушыға «WhatsАpp» немесе басқа мессенджерлерге жіберуге мүмкіндік береді. Чектердің түпнұсқалығы «QR» кодымен расталады.

Чек беру модулін пайдалану кәсіпкерлердің белгілі бір санаттарына фискалдық деректер операторларының («Қазақтелеком», «Транстелеком», «Jusan mobile», «Картел») кассалық аппараттарын сатып алуға, ұстауға және қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды алып тастауға мүмкіндік береді, өйткені бұл деректер автоматты түрде МКК-не беріледі.