Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады

Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады

Салық төлеушілердің назарына!

Өтініштерді қабылдау және лицензиялар беру «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (http://internal.elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияны Мемлекеттік кірістер департаменті береді.
Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензия алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жеріне БСК 105402 «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым» бойынша төленеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 554-бабына сәйкес алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия алған кезде БСК 105402 лицензиялық алым белгіленген мерзімде төленеді астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК, ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 16.05.2014 ж. №202-V Заңына сәйкес алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):
- өтініш;
- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайларға шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;
- алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәлімет нысаны, электрондық құжат нысанында.