
2025 жылғы 6-8 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кеден әкімшіліктері басшыларының 11-ші отырысы өтті. Отырысқа Венгрия, Грузия және Түркіменстаннан бақылаушылар да қатысты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев өз сөзінде отырыстың дәл Түркістанда өтуі тек практикалық қана емес, сонымен қатар терең символикалық маңызға ие екенін атап өтті. Түркістан түркі әлемінің рухани орталығы ретінде бауырлас халықтардың бірлігі мен өзара түсіністігін бейнелейді, ал бүгінгі кездесу ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылыстың дәлелі болып табылады.
Осыған байланысты МКК төрағасы практикалық қадамдардың қажеттілігін атап өтті:
• ақпарат алмасудың техникалық шарттарын іске асыру, уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институтын дамыту;
• «Бірыңғай терезе» жүйесін және кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың заманауи құралдарын енгізу.
Бұл шаралар тауар айналымын жеделдетуге, қауіпсіздікті арттыруға және жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Толығырақ
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1064154?lang=kk