2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші басылымының күшіне енгізілуіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) мен бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізілді.
2022 жылғы үйлестірілген жүйесінің басылымы - бұл Дүниежүзілік кеден ұйымы тұрақты негізде жүргізетін номенклатураны жан-жақты қайта қараудың кезекті бесжылдық циклінің нәтижесі. ДКҰ мәліметінше, енгізілген өзгерістер негізінен өндіріс технологиясындағы орын алған өзгерістермен байланысты болып табылады. Қазір нарықта жаңа өнімдер пайда болуда, және осындай өнімдердің тауар айналымы артып, олар әлемдік нарықта маңызды орынды иелене бастауда. Ал өзге тауарлардың керісінше, нарықтағы маңызы төмендеп, мұндай тауарлардың тауар айналымы азаюда. Аяқталмаған тауарлар саудасының маңызы артып, жартылай фабрикаттардың көптеген өндірістерде қолданылуы аралық болып қалуда. Сондықтан, үйлестірілген жүйені өзекті етіп отыру үшін сәйкесінше өзгерістер енгізілуде.
Еуразиялық экономикалық одақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифін халықаралық негізге сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты белсенді түрде жүзеге асыруда.
2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы мен бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясы күшіне енді.
Бұл ретте ағымдағы жылдың 2-қаңтарынан бастап ағаш бұйымдары, жемістерді қайта өңдеу өнімдері, түрлі түсті иірілген жіптен жасалған мақта маталар, мал азығына қолданылатын жекелеген өнімдер, метаарамидтерден алынған синтетикалық талшықтар және т.б өнімдер сияқты тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтары мен (немесе) импорттық баж ставкаларына өзгерістер енгізетін Еуразиялық экономикалық одақтың бірқатар шешімдері күшіне енді.