Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүргізу кезінде:

      1) тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты Салық Кодексінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері туралы ақпаратты салық органынан сұратуға және олардан алуға;

      2) салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуді талап етуге;

      3) салықтық тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсінік беруге;

      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге;

      5) Салық Кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

     Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде:

      1) салық органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде, электрондық жеткізгіште де ұсынуға;

      2) Салық Кодекснің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) жасаған есепке алу құжаттамасын ұсынуға;

      3) салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және осындай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның аумағына және (немесе) үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын беруге;

      4) салықтық тексерулер барысында түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге;

      5) салық органының салықтық тексерулер жүргізетін лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге;

      6) Салық Кодексінің 155-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйе деректерін көруге қолжетімділік беруге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Дата публикации
04 февраля 2022
Дата обновления
04 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
20 октября 2026
Бейрезиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша қандай салықтық есептілік нысаны ұсынылады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы