2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша шоғырландырылған бюджетке 494,9 млрд.теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде Ұлттық қорға 118,2 млрд. теңге сомасында.
Мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 108% құрады, жоспар бойынша 348,8 млрд.теңге, бюджетке 376,7 млрд. теңге түсті немесе болжамдық көрсеткіштерден 27,9 млрд. теңгеге артық түсті.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бюджетті қамтамасыз ету бойынша қосымша резервтерді болжауды орындау және анықтау мақсатында салықтарды, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша іс-шаралар жүргізді, олардың нәтижесінде 2021 жылдың 12 айында бюджетке қосымша 43,4 млрд. теңге қамтамасыз етілді.