Меню

Страницы

Статья

Салықтық бақылауды жүргізуге іріктеу үшін жасанды интеллект қолданылатын болады

Салықтық тексерулер сияқты превентивті бақылау шараларымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті іс жүзінде салық салынатын базаны – ірі салық төлеушілерді мониторингтеуді айқындау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.

Қазіргі уақытта мониторинг Салық кодексінің 132-бабына сәйкес жүзеге асырылады, онда алдын ала жүргізілген талдау бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады.

Бұдан әрі бұзушылықтар анықталған жағдайда, ірі салық төлеушіге жазбаша түсіндірме беру құқығы беріле отырып, осындай бұзушылықтар туралы хабарланады және ұсынылған түсіндірмемен келіспеген жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органы уәждемелі шешім шығарады және белгіленген бұзушылықтар мәселесі бойынша салықтық тексеруді тағайындайды.

2021 жылы ірі салық төлеушілердің мониторингін оңтайландыру үшін ең үлкен тәуекелдері бар ірі салық төлеушілердің нысаналы топтары айқындалды.

Мәселен, салықтық мониторинг шеңберінде 17 талап қойылды, жүргізілген жұмыс нәтижесінде салықтық түсімдер 42,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 35,5 млрд. теңгеге артық.

Қазіргі уақытта Комитет фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Жоғарыда атап өткенімдей, салықтық бақылауды жүргізуге іріктеу үшін жасанды зердені қолдана отырып құрылған тәуекелдерді бағалау жүйесінің талдамасы негіз болады.

Дата публикации
26 октября 2021
Дата обновления
26 октября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы