««Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 1-бабының 4-1) және 7) тармақшасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Өз кезегінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 10-тармағымен Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңының 1-бабының 4-1) және 7) тармақшасына өзгертулер енгізілді. Соған байланысты, «сыра және сыра сусыны» терминдері «сыра қайнату өнімдері» терминіне, «шарап материалы» термині «толысылған шарап» терминдеріне ауыстырылды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id =11702006).