Қазіргі уақытта, ашық нормативтік - құқықтық актілер порталында Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы орналастырылған
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (бұдан әрі-жоба).
Осы жоба экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленді және көп ұлтты кәсіпорындардың трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептіліктерді үш деңгейлі есептілікті толтыру және беру тәртібін регламенттейді.
Жоба 02.09.2021 жылдан бастап көпшілік талқылауында және 16.09.2021 жылға дейін өзекті.